“Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары”

Бүгін 25 мамыр күні Семиполка орта мектебінде бірыңғай сынып сағаттары өтті
1-11 сыныптарда “Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары” тақырыбында ашық сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқушылардың бойында заңға құрмет, тәртіпті сақтау, Конституция құндылықтарын дәріптеу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Сынып сағаттары барысында:
✅ Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы негізгі мәліметтер айтылды;
✅ Заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы талқыланды;
✅ Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы пікір алмасты;
✅ Өмірлік мысалдар арқылы заңды сақтаудың қажеттілігі түсіндірілді.
Сынып жетекшілері оқушылармен еркін форматта әңгімелесіп, әр баланың белсенді қатысуына жағдай жасады.
Еліміздің ертеңі – білімді, тәртіпті, жауапты ұрпақ болсын

Дата публикации: 25.05.2026