Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері»

20 қазан күні мектеп кітапханасында 6-сынып оқушылары үшін «Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері» атты кітапханалық сабақ өтті. Оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұранының тарихы мен мәні туралы білді. Сабақ барысында оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, викторинаға, пікірталасқа қатысты. Кітапханашы ел рәміздерін қастерлеудің маңыздылығына тоқталды. Сабақ отансүйгіштік, туған жерге деген мақтаныш сезімін оятты.

Дата публикации: 20.10.2025