«Қамқор» облыстық акциясы
«Қамқор» облыстық акциясы аясында еріктілік және экологиялық бастамаларды дамыту мақсатында «Семиполка орта мектебі» КММ оқушыларымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту бағытында іс-шаралар өткізілді.
Оқушылар акцияға белсене қатысып, жауапкершілік, бастамашылдық және туған өлкенің табиғатына деген қамқорлықтарын көрсетті.
Барлық қатысушыларға бейжай қарамай, ортақ игі іске қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!
Дата публикации: 20.05.2026