Қазақстан Республикасындағы Ғылым күніне арналған кітап көрмесі

Мектебімізде Қазақстан Республикасындағы Ғылым күніне арналған кітап көрмесі өтті. Шараға 5-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Көрмеде әр түрлі ғылыми салалар бойынша: физика, химия, биология, математика және қазақстандық ғалымдардың кітаптары қойылды. Балалар әдебиетті қызығушылықпен оқып, жазып алып, алған әсерлерімен бөлісті.Шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ғылыми жаңалықтарға деген қызығушылықтарын оятты.

Дата публикации: 24.04.2025