"100 әке 1000 бала" қар тазалау челленджі
7 ақпан күні"Таза Қазақстан" акциясын және "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру аясында әкелердің қатысуымен "100 әке 1000 бала" қар тазалау челленджі ұйымдастырылды.
Іс-шара
"Біз әкелер жиналдық қар жатпасын деп далада.
Осы іспен біз үлгі көрсетеміз балаға!" ұранымен өткізілді.
Әкелер мектеп аумағындағы қарды тазалап, өз еңбектерімен оқушыларға үлгі көрсетті.
Игі бастама мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жас ұрпаққа жауапкершілік пен бірлік ұғымын сіңіреді.

Дата публикации: 07.02.2025