«Дұрыс тамақтану – жақсы білім алудың кепілі»
Бүгін, 10 қараша күні мектеп медбикесі бастауыш сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану – жақсы білім алудың кепілі» тақырыбында әңгімелесті.
Мақсаты: Оқушылардың дұрыс және салауатты тамақтану туралы білімін арттыру, пайдалы тағамның денсаулық пен оқу үлгеріміне тигізетін әсері жөнінде түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтына баулу.
Әңгіме барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызы, дәрумендер мен пайдалы тағамдардың ағзаға әсері туралы ақпарат берілді. Фастфуд және газдалған сусындардың зияны түсіндіріліп, күнделікті тағам рационын дұрыс құрастыру жөнінде кеңестер айтылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тамақтану мәдениетін қалыптастырып, денсаулықтарын нығайтуға және жақсы оқу нәтижесіне қол жеткізуге ықпал ету.
Дата публикации: 10.11.2025